Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты. Бөлімшеге әскери прокурор аттанды
Қазақстанның Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз 27 қаңтарда қаза тапты. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, солдат қарудан өзіне оқ атып алған. Бұл іс бойынша ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеу бастап, жедел тергеу тобы құрылған. Солдаттың қазасын бас прокурор қадағалауына алып, Жамбыл облысындағы сарбаз қаза тапқан бөлімшеге прокурордың орынбасары, бас әскери прокурор, ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілген.
23 қаңтарда...