2025 жылы Жамбыл облысының экономикалық өсімі 8,9 пайызды құрады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде өңірдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Басқосуға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, аумақтық департаменттер және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Жыл қорытындысы бойынша облыстың экономикалық өсімі 8,9 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 15,6 пайызға, құрылыс саласы 14,4 пайызға, байланыс 10,1 пайызға, көлік 3,1 пайызға, ауыл шаруашылығы 2,1 пайызға...