Атырауда киіктер ауыл ішінде жайылып жүр
Киіктер Атыраудағы ауылдардың ішінде емін-еркін жайылып жүр. Инспекторлар болса жағдайды пайдаланып, киіп атуға болмайтынын ескертіп жатыр.
Киіктердің көбейгенін облыс тұрғындары бір апта бұрын байқаған. Соңғы 3-4 күн ішінде Құрманғазы ауданына қарасты ауылдардың ішінде жүргенін көзбен көріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.
Мұндай көрініс Исатай, Махамбет, Индер аудандарынан да байқалады.
Мамандардың сөзінше, киіктердің өңірге келуіне көршілес Батыс Қазақстан облысында жауған қалың қар себеп.