АҚШ: Иран режимі әлсіреді
АҚШ президенті Дональд Трамп Американың барлау қызметінен Иран режимі әлсірегені жөнінде бірнеше есеп алған. Бұл жөнінде Америка үкіметіндегі дереккөздерге сүйенген New York Times басылымы жазды.
Газеттің жазуынша, Иран билігі қазір 1979 жылғы революциядан бергі ең нашар халде отыр. Былтыр жылдың соңында басталған жаппай наразылық қазір режимді қолдайтын аймақтарға да жайылған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігі наразыларды басып-жаншыса, күш қолдануы мүмкін екенін ескерткен. Алайда New York Times жазуынша...