Апелляциялық сот: Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкім өзгермеді
Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Прокурор өз сөзінде блогер тілге қатысты “арандату сипатындағы сұрақтар қойып”, “тіл білмегені үшін” мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті деді. Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.
Сот отырысы тез аяқталып, сот алқасы бірінші инстанцияда шыққан үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.
Мирболат Мырзатайұлының әйелі Гүлшат Бишуинова Азаттыққа сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.