Жаңаөзенде белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды
Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының мүшесі, белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, полиция қызметкерлері белсендіні Маңғыстау облысы Жаңаөзенде жүрген кезде бөлімшеге алып кетіп, ізінше сот өткен.
Сот шешіміне қарағанда, белсендінің әкімшілік жазаға тартылуына былтыр сәуірде Ақмола облысы Степногорск түрмесі маңында болған Марат Жыланбаевты қолдау акциясы түрткі болған.
Сот шешімінде Әсет Әбішев "2025 жылдың 7 сәуірінде "Степногорск түрмесінің алдында "Алға...