Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
«Теңізшевройл» компаниясы электр энергиясын тарату жүйесі қауіпсіз түрде іске қосылғанын және шикі мұнайдың бастапқы өндіру жұмыстары қайта басталғанын мәлімдеді.
Компанияның таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта өндіріс көлемі мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен арттырылып жатыр.
— ТШО қауіпсіз әрі сенімді өндірісті қамтамасыз ету қағидаттарына адал болып қала береді. Бұдан өзге ТШО өз өндірістік қызметінің егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейді,-деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.