Қазақстан Нипах вирусына байланысты шекарада санитарлық бақылауды күшейтті
26 қаңтар күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Нипах вирусы қаупіне байланысты елдің барлық шекаралық өткізу бекетінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілгенін хабарлады.
Адамға аса қауіпті Нипах вирусы Үндістанда және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінде тіркелген.
Министрлік мәліметінше, қазіргі сәтке Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру я инфекцияны сырттан әкелу дерегі тіркелмеген. Әйткенмен алдын алу шарасы ретінде Қазақстанға Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның...