АҚШ: Миннеаполисте федералдық агенттер қолынан тағы бір адам қаза тапты
АҚШ-тың Миннесота штаты Миннеаполис қаласында федералдық шекара қызметінің агенті жергілікті тұрғынды атып өлтірген. Бұл оқиға үш баланың анасы, 37 жастағы Рене Гуд иммиграция және кеден қызметі (ICE) өкілі атқан оқтан қаза тапқанынан кейін 17 күн өткенде болды.
CNN дерегінше, бұл жолы мерт болған адам — 37 жастағы Алекс Претти. Оның ата-анасы Associated Press агенттігіне ұлдары жансақтау бөлімінде медицина қызметкері болып жұмыс істегенін айтқан. 24 қаңтар күні таңертең болған оқиға орнына жеткен полиция бірнеше оқ тиген ер адамды тапқан.