АҚШ наразылықты басып-жаншығаны үшін Иранның “тасадағы флотына” санкция салды
АҚШ Иранның "тасадағы флотына" тиесілі 9 танкер мен соларға қатысы бар 8 компанияға санкция салды. АҚШ қаржы министрлігі мұндай шектеу Тегеран наразылықты басып-жаншыған тұста салынып жатқанын атап өтті.
Тізімге енген танкерлер Палау, Комор аралдары мен Панаманың туларымен жүреді. Шектеу сол кемелерді иеленген немесе басқарған компанияларға да қойылды. Олар Үндістан, Либерия, Оман, БАӘ, Маршалл мен Сейшель аралдарында тіркелген.
Бұл кемелер мен компаниялар құны жүздеген миллион доллар болатын Иран мұнайы мен мұнай өнімдерін тасымалдаған.