Тұрар Рысқұлов ауданындағы барлық елді мекендер ауыз сумен толық қамтамасыз етілді
Т. Рысқұлов ауданына қарасты Рахым Сабденов ауылында көп жылдан бері шешімін таппай келген ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Жалпы құны шамамен бір миллиард теңгені құрайтын жоба мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын «Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындады.
Соңғы екі жылда ауылда инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, спорт кешені мен медициналық пункт салынса...