Құрсақ ананың қызметі қанша тұрады
Елімізде әрбір бесінші отбасының ажырасуына арада баланың болмауы себеп. Ресми деректерге сәйкес, ерлі-зайыптылардың 15 пайыздан астамы бедеулікке тап болған. Осыған байланысты соңғы жылдары қазақстандықтар суррогат аналардың көмегіне жиі жүгініп келеді. Kazinform тілшісі аталған ахуалға үңілді.
Жылына 130 бала осы әдіспен дүниеге келеді
Бұл үрдіс қоғамда түрлі көзқарас тудырғанымен, көптеген отбасы үшін – ата-ана болудың жалғыз мүмкіндігі. Қазақстанда суррогат аналардың көмегіне жүгінген отбасылардың нақты саны белгісіз...