Жамбыл облысындағы балалардың жаппай улану ісі тергеліп жатыр
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Меркі ауданында улану белгілері бар 20-дан астам бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиғаға байланысты оқиға орнына дереу қызметкерлер жіберілгенін хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы және балалар денсаулығының нашарлау себептерін анықтау үшін бірқатар қажетті шара қабылданып жатыр.
Департамент тергеу жүргізіліп жатқанын нақтылады. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп...