Кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы қажет — Комитет
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданғысы келген кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимі туралы хабарлама жіберуі қажет.
Биыл күшіне енген жаңа Салық кодексі арнайы салық режимдері санын үшке дейін қысқартқан еді. Енді әрқайсысының логикасы түсінікті: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға — бөлек режим, шағын бизнеске — оңайлатылған декларация және фермерлерге — бөлек салық режимі қолданылады.
Әсіресе оңайлатылған декларация шағын және орта кәсіптің басты режиміне айналды.