Теңіз кенішінде өрттен кейін форс-мажор жарияланды
Қазақстанның батысындағы "Теңіз" кенішінің операторы "Теңізшевройл" компаниясы кеніштегі өрттен кейін CPC Blend мұнай түрін тасымалдауға қатысты форс-мажор жариялады. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Reuters жазды.
CPC Blend мұнай түрінің негізгі өндірушісі Теңіз кенішіндегі жағдай алдағы уақытта да мұнай тасымалдауды шектеуі мүмкін дейді басылым.
18 қарашада Теңіз кенішінде турбина трансформаторы өртеніп, кеніште мұнай өндіру тоқтатылған. Reuters жазуынша, компания Королев кенішіндегі жұмысты да тоқтатқан.