Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру жөнінде жарлыққа қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл комиссия құрылатыны жайлы Тоқаев 20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда айтқан.
Комиссияның 100-ден астам мүшесі болады. "Құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар кіреді" деген еді Тоқаев. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.