Министрлік: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істейтін қазақстандықтар ақпанның соңына дейін орала алады
Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар 2026 жылы ақпанның соңына дейін сол елден өз еріктерімен кете алады. Оларға айыппұл салынбайды және қайта елге кіруге тыйым салынбайды. Бұл жөнінде Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Бұл бағдарламаның Оңтүстік Кореяда қылмыс жасап, елден күштеп шығарылуы тиіс шетел азаматтарына немесе 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін елге заңсыз келгендерге қатысы жоқ.
Сол елде заңсыз жүрген қазақстандықтар аталған бағдарламаға...