Давосқа ұшып шыққан Трамптың ұшағы "ұсақ ақауға" бола кері оралуға мәжбүр болды
Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға ұшып шыққан АҚШ президенті Дональд Трамптың ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай "электр жүйесіндегі ұсақ ақауға" байланысты Мэриленд штатындағы Эндрюс әскери базасына қайта оралған.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай экипаж "сақтық үшін" кері қайтқан жөн деп ұйғарған. Ұшақтың бірнеше жарық шамы істемей қалған. Трамп Швейцарияға басқа ұшақпен аттанады деп айтылды. АҚШ президенті...