Қазақстанда қатты аязда қалған ондаған тәжік мигранты құтқарылды
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері қатты аяздан тоңып-жаураған шетелдік мигранттарды үсіктен аман алып қалған.
ТЖМ мәліметінше, күннің бұзылуына байланысты Көкшетау қаласында тоқтатылған қалааралық автобустың ішінде Тәжікстанның 81 азамат болған, арасында 17 бала бар.
"ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялап, бейімдеу орталығына және қаладағы қонақүйге орналастырды. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Эвакуацияланғандар жедел әрекет пен қолдау көрсеткені үшін құтқарушыларға алғыс айтты"...