Ұлттық құрылтай: Қазақстанда жаңа консультативтік орган құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жаңадан құрылатын Халық кеңесі институтының заңдық мәртебесі қандай болатынын айтты.
— Халық Кеңесі өз мәні бойынша басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін сіңірген жаңа мемлекеттік орган болады. Онда барлық этнос, ұлыстар мен аймақтар өкілдік алады. Қазақстанның Халық Кеңесі еліміздің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кеңес құрамын 126 адамнан асырмауды ұсынды.