Парламент реформасы: Әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылды
«Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Паралменттегі әйелдер квотасын сақтаудың маңызы жөнінде пікір білдірді.
Кеше Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам» секциясының отырысы өтіп, 26 құрылтай мүшесі өз ұсыныстарын ортаға салған.
— Парламентті реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі ретінде оның жүйелік маңызын айтпай кету мүмкін емес. Қос палаталы жүйеден бір палаталы модельге көшу мәселесі сарапшылар арасында ұзақ...