"Түбегейлі саяси өзгеріс болмайды". Құрылтайдағы ұсыныстар жайлы сарапшылар не дейді?
Азаттық Қызылордада өткен ұлттық құрылтайда айтылған негізгі саяси мәлімдемелерді сарапшылармен талқылады. Саясаттанушы Димаш Әлжанов Халық кеңесі саяси күшке ие болатын органға айналады десе, "Ортаазиялық демократияны дамыту" қорының директоры Толғанай Үмбетәлиева "саяси жүйеде үлкен өзгеріс болмайды" деп санайды.
20 қаңтарда Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше саяси өзгерісті жариялады. Болашақта жасақталатын бір палаталы парламент "Құрылтай" деп аталып, 145 депутаттан құрылады.