Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізіледі
Араға 30 жыл салып, Қазақстанда вице-президент қызметі енгізіледі. Оны президент парламенттің келісімімен өзі тағайындайды. Вице-президенттің өкілеті мен міндеттерін де президент анықтайды. Бұл жөнінде Қызылордада өткен ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Оның негізгі қызметіне халықаралық форумдарда, келіссөздерде Қазақстан делегациясын бастап апару, елдегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартаушылық ұйымдармен байланыс орнату кіреді. Ол президенттің тапсырмаларын орындайды.