Қырғыз президенті елдегі көлік жүргізу куәлігін жаппай ауыстыру себебін түсіндірді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" ұлттық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елдегі ескі үлгідегі жүргізуші куәлігін жаппай ауыстыру науқанына байланысты түсініктеме берді.
Оның сөзінше, бұрын Қырғызстан азаматының паспортын, ID-картасын, жүргізуші куәлігі мен өзге де құжаттарын шетелде жасатқанда олардың қорғаныс деңгейі әлсіз болған. Салдарынан жалған құжаттар көбейіп, елдің беделіне нұқсан келтірген.
Жапаров былтырдан бері барлық құжаттарды "Учкун" мемлекеттік кәсіпорны басып шығарып жатқанын айтып...