Кассация соты Қаңтарда көзінен айырылған Әбдірешовтің өтемақысын сәл өсірді
Астанадағы кассациялық сот Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі талабын ішінара қанағаттандырып, мемлекет төлеуге міндетті өтемақыны 5 млн теңгеге ұлғайтуды шешті.
"Қаржы министрлігінен [Ермек] Әбдірешовтың пайдасына өндірілген моральдық зиян өтемақысының мөлшері 5 млн [теңгеге] дейін ұлғайтылсын" деді кассациялық сот алқасының төрайымы Гүлнар Жаппарова 19 қаңтардағы сотта.
Қаңтар оқиғасынан соң екі көзінен айырылған Ермек Әбдірешов мемлекеттен 25 млн теңге өтемақы талап етіп жүр.