Ағасы арнаулы қызметті басқаратын қырғыз депутаты құны 144 млн доллардан асатын мүлкін декларациялады
Қырғызстан Жогорку Кеңешінің депутаты, елдің арнаулы қызметі басшысының туған інісі Шаирбек Ташиев 2024 жылға арналған табысы мен шығыстары туралы декларациясында 2,5 миллион сом (28,6 мың АҚШ доллары) көлемінде кіріс тапқанын көрсеткен. Оған қоса депутат жалпы құны 12 миллиард 637 миллион сомға (144,4 миллион доллар) пара-пар жылжымалы мүлкі барын мәлімдеген.
Жылжымалы мүлікке қолма-қол ақша, құнды қағаздар, акциялар, әртүрлі көлік құралы, техника, жабдықтар, шикізат, зергерлік бұйымдар, тауарлар...