БАҚ: Трамп "Бейбітшілік кеңесіне" тұрақты мүше болғысы келетіндер 1 млрд доллар төлесін дейді
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі "Бейбітшілік кеңесінен" тұрақты орын алғысы келетін елдерден кемінде 1 миллиард доллар көлемінде жарна төлеуді талап етіп отыр. Бұл туралы топтың жарғы жобасымен танысқан Bloomberg агенттігі жазды.
Құжатқа сәйкес, жарғы күшіне енгеннен кейінгі алғашқы бір жыл ішінде жарна төлеген мемлекеттер тұрақты мүше құқығына ие болады. Ал өзгелері үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады. Жарғы жобасында Дональд Трамп "Бейбітшілік кеңесінің" алғашқы төрағасы болатыны...