Қадыров жол апаты жайлы хабар тараған шақта ұлы қатысқан жиыннан видео жариялады
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлының жол апатына ұшырағаны жөнінде хабар тараған шақта Адам Қадыровтың қатысуымен өткен күштік құрылым өкілдерімен жиын туралы видео жариялады.
Кавказ.Реалии сайтының жазуынша, файлдың метадеректеріне қарағанда, ролик жол апаты болмай тұрып бір күн бұрын түсірілген. NIYSO оппозициялық қозғалысының жазуынша, Қадыровтың жақындары сол видеоны түсірілген күні-ақ жариялаған.
Кавказ.Реалии мәліметінше, Шешенстан билігіне тәуелді ақпарат құралдары Адам Қадыровтың ауруханаға түскенін растамаған, жоққа да шығармаған.