Алматыда тұрғын 40 жылдан бері аулада мұз айдынын құйып жүр
Алматыда 79 жастағы зейнеткер Валерий Паршаков көпқабатты үйдің ауласында 40 жылдан бері өз қолымен мұз айдынын жасап келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Ауладағы алғашқы шағын мұз айдынын Валерий Паршаков 1980-жылдары құйған. Уақыт өте келе бұл жерде бүгін қаланың әртүрлі ауданынан балалар келіп тебетін мұз алаңы пайда болды.
Ер адам мамандығы бойынша - инженер, сондықтан қолдан жасалған мұз аренасын тұрғызуға қажет білімі болған. Алдымен ол болашақ айдынның эскизін жасап...