“Миланның“ бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысады
Италияның "Милан" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель жаңа клубы "Жеңіс" ФК-ның оқу-жаттығу жиынына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AmanVIBE.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, спортшы команда құрамында алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерген. Егер Меркель "Жеңістің" ойыншысы атанса, алдағы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы ол үшін дебют маусым болмақ.
Александр Меркель туралы не белгілі?
Бұған дейін Меркель Қазақстан құрамасында ойнаған. Оның дебюті 2015 жылға...