Қазақстанның түрлі өңірінде "Атажұрт" өкілдерінің полицияға шақырылғаны хабарланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде “Трамп, Қазақстанға назар сал!” деген жазуы бар плакатпен суретке түскен азаматтар полицияға шақырылған. Құқық қорғау орган өкілдері олардан жазбаларын өшіруді талап еткен.
Алматы облысының тұрғыны Ғалым Рақыжанның сөзінше, 16 қаңтарда кешке Талғар аудандық полиция басқармасынан хабарласып, жазбаны өшіруді сұраған.
“Соны өшіріп тастаңыз. Өшіргеніңізді скриндап, маған жіберсеңіз, әрі қарай мазаламаймыз дейді. Мен кейін хабарласып, “не үшін өшіруім керек?”, “ол қандай заңға қайшы?” десем...