Аяз бен жел: 17 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер сенбі, 17 қаңтарда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдің солтүстігінде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде аяз -37 градусқа дейін, күндіз -30 градусқа дейін. Орталық өңірлерде - ашық немесе көшпелі бұлтты. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -20…-30 градус, күндіз -15…-23 градус.
Оңтүстікте - бұлтты, қар жауады. Көктайғақ, кей жерде тұман және жер бораны байқалады. Түнде -17 градусқа дейін, күндіз -15 градусқа дейін.