Жамбыл облысында соңғы аптада қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
Жамбыл облысында 2025 жылы 927 қызылша дерегі тіркелген, оның шамамен 50 пайызы қараша соңынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде анықталған.
Осыған байланысты облыс тұрғындары арасында қызылшаның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында төмендегі іс-шаралар жүргізілді:
– 2025 жылдың желтоқсанынан бастап 9-10 айлық сәбилерді иммундау енгізілді;
– 18 жасқа дейінгі балаларды қайта иммундау жүргізілуде;
– мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде балаларға екпе егу үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылды;
...