Тараздың қос ауданы қатар абаттандырылады
Әулиеата ауданы аумағында абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биылдан бастап тазалық жұмысымен айналысатын 100 жұмысшы қабылданды. Енді аумақтық инспекторлар бас болып, тазаланатын көше, парк, скверлер нақтыланып, тиісті жұмыстар атқару тапсырылды.
Сонымен биыл аудан аумағына тиесілі ЛОК 6,3 шақырым және Сеңкібай каналының 2 шақырымын қоршау, 5 жоба бойынша балалар алаңшасын орнату, кіші футбол алаңшасын салу, жаңадан қосылған елді мекендер...