Алматыда белсенділер бір палаталы парламентті партия тізімімен сайлау ұсынысына қарсы шықты
16 қаңтарда Алматыда қоғам белсенділері бір палаталы парламент реформасын талқылап, парламент тек партия тізімімен сайлануы керек деген ұсынысқа қарсы шықты.
Талқы қорытындысында қатысушылар сайлау заңнамасына өзгеріс енгізу туралы қарар қабылдады. Қарарда Қазақстандағы сайлау туралы заң халықаралық талаптарға сай емес екені айтылып, бірқатар баптарды қайта қарау ұсынылған. Атап айтқанда, парламент мәжілісін қалыптастыруда мажоритарлық жүйенің үлесін 70 пайызға дейін арттырып, партиялық тізім арқылы...