Зиратты бүлдіргендер қандай жазаға тартылады
Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанда зираттарды бүлдіру деректері азайғанымен, осындай құқық бұзушылық жасағандар әлі де тіркеліп жатыр. Кейбір жағдайларда полицейлер кінәлілерді анықтай алмады. Бұл материалда Kazinform тілшісі өңірдегі зираттарға вандализм жасағандар жайлы және оларға қандай жауапкершілік көзделгені туралы мәлімет жинап көрді.
Қоршауды бүлдіріп, темірді ұрлаған.
Былтыр Өскемен маңындағы бірқатар зиратта вандализм фактілері тіркелді. Соның бірі – қала маңындағы православ зиратында болған-тұғын.