АҚШ наразылықты басып-жаншыған Иран шенеуніктеріне санкция салды
АҚШ ирандық бес шенеунікті жаппай наразылық акцияларын күшпен басып-жаншуға қатысы бар деп айыптап, оларға қарсы шектеу енгізді.
АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, санкция тізіміне Иранның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани енгізілген. Оған қоса Лорестан және Фарс провинцияларындағы өңірлік полиция бөлімшелері мен Ислам революциясы сақшылар корпусы күштерін басқаратын төрт адам санкцияға ілінген.
Министрлік мәліметінше, Әли Лариджани Ирандағы наразылықтарға қарсы...