АҚШ Венесуэлаға қатысты алтыншы танкерді ұстады
АҚШ кейінгі апталарда Венесуэламен байланысты тағы бір, яғни алтыншы мұнай танкерін – бұл жолы Veronica кемесін ұстаған. Осындай операция жүргізілгенін АҚШ қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы хабарлады.
"Венесуэладан заң талаптарына толық сай келетін әрі тиісті тәртіппен тасымалданатын мұнай ғана шығарылатын болады", – делінген ресми мәлімдемеде.
Veronica танкері теңізде Гайана туын көтеріп жүрген және кейінгі жолы осыдан 12 күн бұрын Венесуэла жағалауы маңында тіркелген деп жазды The Guardian басылымы.