Қордай аудандық мешіті үздік атанды
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі өтіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарлар жайы сараланды.
Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен ашылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі. Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы еліміздің әр өңірінен келген өкілдіктердің бас имамдары мен дін қызметкерлерінің бір жыл бойы атқарған еңбегіне оң баға беріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.