Конституцияға тағы да өзгерістер енгізілмек. Кезектен тыс сайлау өте ме?
Қазақстанда жақын арада Конституцияны өзгерту жөнінде референдум өтуі мүмкін. 20 қаңтарда өтетін Ұлттық құрылтай жиынында бір палаталы парламентке көшуге байланысты жалпыұлттық дауыс беру өтетін күн белгіленуі ықтимал дейді саясаттанушы Ғазиз Әбішев.