АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграция визасын беруді уақытша тоқтатпақ. Тізімде Қазақстан да бар
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 21 қаңтардан бастап 75 елдің азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға да иммиграция визасын беруді уақытша тоқтатады.
МЕМДЕПАРТАМЕНТ ШЕШІМДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРДІ?
Бұл шешімді АҚШ-тың мемлекеттік департаменті 14 қаңтарда жариялады.
Америкалық NBC News телеарнасы және Reuters агенттігінің ақпаратынша, 75 елдің арасында Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Молдова, Беларусь, Грузия, Иран, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан, Иран бар.
Дегенмен бұл шешім туристік...