Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Азат Әбдіразақов баяндама жасады.
Өңірдегі 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 34 елді мекенде су басу қаупі толық жойылып, 2 елді мекенде қауіп айтарлықтай төмендетілді.
2026...