ҰҚШҰ әскерін кіргізу себептері кеңейтілуі мүмкін: заң жобасы мәжіліске түсті
Мәжіліске Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) қызметін реттейтін екі заң жобасы түсті. Құжаттар одақтың әскерін орналастыру мен әскери тасымалдау ережелеріне қатысты.
Түзетулер аумаққа әскерді жіберу негіздерін кеңейтеді. Олардың арасында дағдарыстың алдын алу, гуманитарлық көмек көрсету мен жоспардан тыс тексеру жүргізу сияқты жайттар бар.
"Келісім тараптардың аумақтарында ҰҚШҰ күштері мен құралдарын уақытша орналастырудың құқықтық негізін реттейді және олардың мәртебесін анықтайды. Түзетулер...