Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы элиталық қонақүйі мемлекет меншігіне өтті
Қайрат Сатыбалды Алматыдағы Есентай өзені жағалауында орналасқан қонақүй ғимаратын мемлекетке сыйлады. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, мүлікті беру Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығы негізінде жасалған сыйлыққа беру келісімшарты бойынша рәсімделген.
Департамент деректері бойынша, 2023 жылғы 1 тамызда Қайрат Сатыбалды мен департамент арасында сыйға беру келісімшарты жасалған.