Қазақстандағы кедейлік деңгейін өлшеу: жаңа әдістеме бекітілді
Қазақстанда кедейлік деңгейін есептеудің жаңа әдістемесі бекітілді. Ұлттық статистика бюросы басшысы тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 5 қаңтарда қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа әдістеме халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген және Қазақстан статистикасын өзге елдердің деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Негізгі көрсеткіш ретінде халықтың жан басына шаққандағы медиандық табысы алынады.
Әдістемеге сәйкес, кедейлік көрсеткіштері тоқсан сайын және жыл сайын есептеледі.