Иран наразының бірін "өлім жазасына кеспек". Трамп наразыларға "көмек келе жатыр" деді
АҚШ президенті Трамп Ирандағы наразыларға "көмек келе жатқанын" жазды. Ал құқық қорғау ұйымы Иран наразылықта ұсталған ер адамды дарға аспақ дейді. Ирандағы көтерілістегі қазіргі жағдайды шолып шықтық.
АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда Ирандағы наразыларды үкімет ғимаратын басып алуға шақырып, "көмек келе жатыр" деді.
"Иран патриорттары, НАРАЗЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР, ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ТИЕСІЛІ ИНСТИТУТТЫ БАСЫП АЛЫҢЫЗДАР!!! Адам өлтіргіштер мен абьюзерлердің есімін есте сақтаңыздар. Олар бұл үшін жауап беретін болады.