Астанада -30 градусқа дейін аяз болып, Алматыда қалың қар жауады
Синоптиктер Астана мен Алматыдағы 14, 15 және 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
14 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –28…–30 градус, күндіз –21…–23 градус.
15–16 қаңтар - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –26…–28 градус, күндіз –20…–22 градус.