Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 қаңтарда жарияланған құжатқа сәйкес, холдингтің директорлар кеңесінің жаңа құрамы 26 желтоқсанда бекітілген.
Директорлар кеңесін премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. Оның құрамына бірінші вице-премьер Роман Скляр, экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Тәкиев...