Алдахметовтер династиясы: адал еңбек – ұрпақ аманат
Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен еңбекке негізделеді. Осы үдерісте жұмысшы жастардың рөлі айрықша. Олар өз еңбегі арқылы өндірістің алғы шебінде жүріп, мемлекеттің экономикалық әлеуетін нығайтуға үлес қосуда. Осы тұрғыда жұмысшы мамандар сабақтастығын сақтап келе жатқан еңбек династияларының маңызы зор.
Химия өнеркәсібінде қалыптасқан сондай еңбек әулеттерінің бірі – Алдахметовтар династиясы. Бұл әулеттің өкілдері бірнеше онжылдық бойы отандық өндірісте табанды еңбек етіп келеді.