Қар жауып, көктайғақ болады: 13 қаңтарға ауа райы болжамы
Қазгидромет 13 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірде ескерту жасады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 13 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Семейде 13 қаңтарда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.